---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/02/zhaenibek-aelimhanuly-aelem-chempiony-ataghy-ueshin-talasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін таласады

![Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін таласады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/photo_83569.jpeg)

**WBO Бүкіләлемдік бокс ұйымы америкалық чемпион Деметриус Андрадеге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығып, титулын қорғауды міндеттеді, деп хабарлайды Qazaqpress Sports.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жоғарыда аталған міндетті жекпе-жек бойынша WBO тараптарға келіссөзді бастауға бұйрық береді. Осы хабарлама жіберілгеннен кейін тараптарға келіссөз өткізуге және келісімге келуге 20 күн беріледі, — делінген WBO хабарламасында.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық WBA және WBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберіп, кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізген еді.

---

Жарияланды: 2021-12-02T05:37:54+06:00

Жаңартылды: 2021-12-02T05:37:54+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/02/zhaenibek-aelimhanuly-aelem-chempiony-ataghy-ueshin-talasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.