---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/02/almatyda-aeskeri-institwttyng-210-kwrsanty-oqw-mekemesinen-ketip-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу мекемесінен кетіп қалды

![Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу мекемесінен кетіп қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/photo_90602.jpeg)

**Қорғаныс министрлігі 1 желтоқсанда Алматы әскери институтының 210 курсанты оқудан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

> «2021 жылдың 1 желтоқсанында сағат 18.00-ден кейін құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курстың 210 курсанты оқу орнынан рұқсатсыз кетіп қалған.
> 
> 
> 
> 
> Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтің айтуынша, курсанттардың өз бетінше кетіп қалуының себебі – кадр тағайындалуында келіспеушілік, факультет (курс) бастығының ауысуы және бұрынғы басшылықты қайтаруын сұрауы», делінген хабарламада.

2 желтоқсан күні таңғы 09:00 бастап курсанттар сабаққа қатысқаны хабарланды. Ал болған мән-жай ата-аналарына түсіндірілді.

Дерек бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-12-02T08:56:55+06:00

Жаңартылды: 2021-12-02T10:49:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [тергеу](https://qazaqpress.kz/tag/tergew/), [Қорғаныс министрлігі](https://qazaqpress.kz/tag/qorghanys-ministrligi/), [Әскери кафедра](https://qazaqpress.kz/tag/aeskeri-kafedra/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/02/almatyda-aeskeri-institwttyng-210-kwrsanty-oqw-mekemesinen-ketip-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.