---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/01/4-zhalghan-firmany-basqarghan-pavlodar-turghyny-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 4 жалған фирманы басқарған Павлодар тұрғыны сотталды

![4 жалған фирманы басқарған Павлодар тұрғыны сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/211130172052a3868926d.jpg)

**800 миллион теңгеден астам көлемде мемлекетке залал келтірген Павлодар қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны П.Ысқақовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

> «П.Ысқақов екі жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен. Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы 4 жалған фирманы – «Трейд Маркет KZ» ЖШС, «ҚазҚызмет 2050» ЖШС, «КазСтокИнвест» ЖШС және «Жолбарыс 2050» ЖШС пайдаланды», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, П. Ысқақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

---

Жарияланды: 2021-12-01T05:22:06+06:00

Жаңартылды: 2021-12-01T05:22:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/01/4-zhalghan-firmany-basqarghan-pavlodar-turghyny-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.