Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 30 қараша мен 1,2 желтоқсанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Болжамға сәйкес, суық антициклон Қазақстан аумағынан бірте-бірте кетеді.

— Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы батыс циклоны келеді, соған орай жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін жылы, Түркістан облысында 20 жылы градусқа дейін жылы болады, — делінген хабарламада.