---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/29/atyrawda-22-zhastaghy-zhigit-oq-zharaqatymen-awrwhanagha-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

![Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/210411003419862a3774847i.jpg)

**Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

> «Атырауда 26 қараша күні түнгі сағат 1:35 шамасында 21 жастағы тұрғын травматикалық қарудан оқ атқан. Салдарынан 1999 жылы туған тұрғын сол аяғынан жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, аталған іске күдіктіні ұстады», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Травматикалық қарудан оқ атқан күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сəйкес жариялауға жатпайды.

 

---

Жарияланды: 2021-11-29T06:00:21+06:00

Жаңартылды: 2021-11-29T06:00:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/29/atyrawda-22-zhastaghy-zhigit-oq-zharaqatymen-awrwhanagha-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.