---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/26/zhambyl-oblysynda-mas-zhuergizwshi-7-zhylgha-koelik-basqarw-quqyghynan-ajyryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

![Жамбыл облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/photo_62377.jpeg)

**Жамбыл облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Жуалы ауданы Бәйтерек ауылының аумағын патрульдеу кезінде 47 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Nissan Sunny маркалы автокөлігін тоқтатты.

> «Тексеру барысында полицейлер ер адамның автокөлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды», — делінген полиция хабарламасында.

Кінәлі жүргізуші Жуалы аудандық сотының қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

---

Жарияланды: 2021-11-26T07:26:53+06:00

Жаңартылды: 2021-11-26T07:26:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/26/zhambyl-oblysynda-mas-zhuergizwshi-7-zhylgha-koelik-basqarw-quqyghynan-ajyryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.