---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/26/shavkat-rahmonov-chimaevpen-zhekpe-zhek-oetkizw-twraly-ojyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шавкат Рахмонов Чимаевпен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

![Шавкат Рахмонов Чимаевпен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/maxres-750x500-1.jpeg)

**UFC промоушеніндегі қазақ файтер Шавкат Рахмонов тегі шешен швециялық спортшы Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Маған оқырмандарым күнде жазады: «Чимаевпен қашан жекпе-жек өткізесің? Сындыр оны!» деп. Мен айтамын: «Асықпаңдар, уақыты келеді, айқасамыз. Ол қазір ілгерлеп кеткен — оны жекпе-жекке шақыру қайда маған? Әрине ол хайпта, жақсы көтерілді. Мен ештеңеден қорықпаймын, бірақ, бос сөзді ұнатпаймын. Шынымен мүмкіндік болғанда кездесеміз.
> 
> 
> 
> 
> Ия, ол соңғы жекпе-жегінде өзін жақсы көрсетті. Жақсы белдеседі, ал соққы жасау жағын білмеймін — әзірге онысын аса көрсетіп жүрген жоқ. Бірден аяққа кіреді. Ол тік тұрып қалай жұдырықтасатынын көргім келеді — өткізіп алып, жауап беріп дегендей — міне сол қызық. Тағы бір-екі айқаста жеңсе, чемпиондық жекпе-жекке шыға алады», — дейді Шавкат Instagram арқылы журналист Игорь Лазоринге.

---

Жарияланды: 2021-11-26T06:17:34+06:00

Жаңартылды: 2021-11-26T06:17:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/26/shavkat-rahmonov-chimaevpen-zhekpe-zhek-oetkizw-twraly-ojyn-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.