---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/26/almaty-oblysynda-dueniege-kelgen-ueshemderdi-uejine-shyghardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында дүниеге келген үшемдерді үйіне шығарды

![Алматы облысында дүниеге келген үшемдерді үйіне шығарды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/baby-2416718_1280.jpg)

**Бүгін Облыстық перинаталдық орталықта   дүниеге келген үшемдерді үйіне шығарды. 26 жастағы Ардагүл Аскербек  Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиля есімді үшемді 25 қазан күні дүниеге әкелген болатын.**

Үш қыздың анасы Ардагүл  Аскербек Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны.  Үшемнің анасы 25 қазаннан бастап  Облыстық перинаталды орталық   дәрігерлерінің бақылауында болды.  Облыстық перинаталды орталықтың   директоры Жұмашев Қанат Қалиханұлы:

> — Қазір үшемдердің  анасы мен балалардың денсаулықтары жақсы.   Жүктіліктің 31 аптасында кесір тілігін жасау арқылы үш қыз яғни, 25 қазан күні  (1900,0 гр. Бойы 41см, 1800,0 гр, бойы 44см, 1700,0 гр, бойы 45см) дүниеге келді. Бұл жағдайды Денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды,- деді.

Бекетовтар отбасында Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиляны екі ағасы мен әпкесі күтіп алды

---

Жарияланды: 2021-11-26T09:03:13+06:00

Жаңартылды: 2021-11-26T09:03:13+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/26/almaty-oblysynda-dueniege-kelgen-ueshemderdi-uejine-shyghardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.