---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/25/toqaev-shyghys-qazaqstan-oblysynyng-aekimin-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

![Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/279a8313-21ba-4d64-97e2-644bef52cce2_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы он ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Облыс әкімінің айтуынша, халыққа вакцина салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, вакцина алуға тиісті тұрғындардың 100 пайызы екпенің бірінші компонентін алған, ал екінші компонентін 7 желтоқсанға дейін салу жоспарланған.

Кездесу барысында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Даниал Ахметовтің мәліметі бойынша 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген.

Президентке жақында ашылған «Үлбі-ТВС» зауытының жұмысы туралы баяндалды. Кәсіпорында жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар шығарылады және 140 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытта жылына 200 тонна уран отыны өндіріледі.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне жылыту маусымы кезінде қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2021-11-25T06:47:34+06:00

Жаңартылды: 2021-11-25T06:47:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/25/toqaev-shyghys-qazaqstan-oblysynyng-aekimin-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.