---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/25/almaty-avtobwstarynda-zhol-zhuerw-aqysy-qymbattawy-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

![Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/photo_90308.jpeg)

**Алматы қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді.

> «Тарифтерді көтеру қажет. Қазір жол ақысы 80 теңге. Біз тарифті ертең көтереміз деп отырған жоқпыз. Тарифті көтеретін болсақ, қала тұрғындарымен ақылдасатын боламыз. Бұл өте өзекті мәселе. Бұл сұраққа көктемде қоғамдық талқылаулардан кейін қайта ораламыз деп ойлаймын», — деді Серік Құсайынов.

Алматыда бүгінде 2400-ден астам қоғамдық көлік жұмыс істейді. Оның ішінде 515 газбен жүретін автобус, 196 троллейбус, 15 электробус және 1715 дизельді автобус бар. «Алматыэлектротранс» биылғы және алдағы жылдары газбен жүретін 300 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

 

---

Жарияланды: 2021-11-25T08:19:52+06:00

Жаңартылды: 2021-11-25T08:19:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/25/almaty-avtobwstarynda-zhol-zhuerw-aqysy-qymbattawy-muemkin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.