---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/23/nur-sultanda-inkassator-aqshasy-bar-kejsti-dalada-umytyp-ketken/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда инкассатор ақшасы бар кейсті далада ұмытып кеткен

![Нұр-Сұлтанда инкассатор ақшасы бар кейсті далада ұмытып кеткен](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/d57e5eabb1ac20889e6e34e315243ccf.jpeg)

**Нұр-Сұлтанда инкассатор ақшасы бар кейсті далада ұмытып кеткен, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, сағат шамамен 09:40-та «Шапағат» сауда үйінің жанынан өтіп бара жатқан қала тұрғыны көше бойындағы «РТВМ терминалының» жанында жатқан пластмасса кейсті байқаған. Ол бірден 102 операторына қоңырау шалып, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

> «Ішінде 290 мың теңге ақша қаражаты бар кассетаны «City Transportation Systems» ЖШС-нің қызметкері алаңғасарлығынан ұмытып кеткен. Табылған зат полицияға жеткізіліп, кейінірек көлік компаниясына табысталды. Елорданың Полиция департаментінің басшылығы қала тұрғынына адалдығы әрі белсенді азаматтық ұстанымы үшін ризашылық білдірді», — делінген ведомство ақпаратында.

---

Жарияланды: 2021-11-23T08:00:37+06:00

Жаңартылды: 2021-11-23T08:00:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/23/nur-sultanda-inkassator-aqshasy-bar-kejsti-dalada-umytyp-ketken/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.