Тоқаев агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерін құттықтады

Тоқаев агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерін құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Құттықтау Президенттің Twitter-дегі парақшасында пайда болды.

— Агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл —  Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала.

Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру — мемлекеттің басты міндеті, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қараша айының әрбір үшінші жексенбісінде атап өтіледі.