---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/22/elimizde-zhalghan-memlekettik-tirkew-noemirimen-zhuergen-91-koelik-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елімізде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген 91 көлік анықталды

![Елімізде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген 91 көлік анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/fe4da6428202cd869b8855c8b5eba98b.jpeg)

**Елімізде «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

> «Өткен аптаның соңында ІІМ өткізетін «Қауіпсіз жол« алдын алу іс-шарасы аяқталды. 10 күн ішінде жол қозғалысын қадағалау кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 122,5 мың жағдайы тіркелді. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 953 фактісі, жүргізуші куәлігі жоқ 2 643 жүргізуші анықталды. Полиция жылдамдықты асырғаны үшін 7 807, қарсы жолаққа шыққаны үшін — 398, авариялық жағдай туғызғаны үшін — 1 647 және бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп өткені үшін 2 145 адамды жауапқа тартты», — деді ол ҚР ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 6 908 жүргізуші көлікті техникалық тексерусіз басқарса, 91 автомобильде жалған нөмірлер анықталған. Жол ережесін бұзған 21 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылған.

> «Қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілері жіберген 1 464 бұзушылық, оның ішінде 1567 заңсыз қайта жабдықтау фактісі және 198 көліктің рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпегені анықталды. Автожолдардың 10,5 мың шақырымнан астам авариялық-қауіпті учаскелері тексерілді, 1306 жол белгілері қойылды», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

---

Жарияланды: 2021-11-22T08:17:45+06:00

Жаңартылды: 2021-11-22T08:17:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/22/elimizde-zhalghan-memlekettik-tirkew-noemirimen-zhuergen-91-koelik-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.