---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/22/almatyda-koelik-aghashqa-soghylyp-bir-adam-mert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

![Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/1ae367f2-df51-4ddc-a088-adcffb735e8a-1024x576-1.jpeg)

**Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 22 қарашада шамамен сағат 00:45-те Кенесары хан көшесінде болған.

> «Nissan Cefiro» маркалы автокөлігінің 1991 жылы туған М. есімді жүргізуші Кенесары хан көшесімен келе жатып, №52 ғимаратқа қарама-қарсы тұста көлігін басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан алған жарақатынан жүргізуші оқиға орында көз жұмды»,- деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

---

Жарияланды: 2021-11-22T07:48:43+06:00

Жаңартылды: 2021-11-22T07:48:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/22/almatyda-koelik-aghashqa-soghylyp-bir-adam-mert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.