---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/18/maghzum-mirzaghaliev-zhanarmaj-baghasy-rettelmejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мағзұм Мирзағалиев: Жанармай бағасы реттелмейді

![Мағзұм Мирзағалиев: Жанармай бағасы реттелмейді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/photo_364597.jpeg)

**Жанар-жағармай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейтінін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі – көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылық. Баға бойынша қазір жүйелі өзгерістерді әзірлеп жатырмыз және ең маңыздысы мынада:
> 
> 
> 
> 
> - біріншіден, қазір үш мұнай өңдеу зауытында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың шарттарын анықтау керек;
> - екіншіден, материалдық-техникалық резерв базаны қалыптастыру;
> - үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау, әрбір мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет, – деді сенаторлар сауалдарына жауап берген энергетика министрі.

---

Жарияланды: 2021-11-18T08:15:42+06:00

Жаңартылды: 2021-11-18T08:15:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/18/maghzum-mirzaghaliev-zhanarmaj-baghasy-rettelmejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.