---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/16/aezirshe-naqty-kelisimge-kelmedik-coj-qazvac-eksporty-twraly/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Әзірше нақты келісімге келмедік». Цой QazVac экспорты туралы

![«Әзірше нақты келісімге келмедік». Цой QazVac экспорты туралы](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/1851706b29fd030174ffdff7e9aae4f3.jpeg)

**Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac қазақстандық вакцинасын экспорттау жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Қазір бұл ақпаратты барлық елге жібердік. Біздің елшілік мұны жоспарлап отырғанымызды хабарлап жатыр. Бірақ, бірінші кезекте, Қазақстанның қажеттілігін қамтамасыз етуіміз қажет. Алдағы уақытты сыртқы нарықтарға шығамыз. Сұраныс бар, қазір пысықталып жатыр. Қазір QazVac вакцинасы аймақтарға барғаннан кейін, азаматтарымыз өте белсенді егіледі. Қазір өз қажеттілігімізді қамтамасыз етеміз, — деді Цой.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцинаға қызығатындар көп, алайда нақты келісім жасалмаған.

> — Жабық форматтағы мәселе пысықталып жатыр. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, әзірге нақты келісімге келмедік. Көптеген мемлекеттер хабарласып, қызығушылық танытып, вакцина туралы ақпаратты, Қазақстанда вакцинацияның қалай өткенін, қандай нәтижелер алғанын сұрайды. Осы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деп түйіндеді министр.

---

Жарияланды: 2021-11-16T06:05:07+06:00

Жаңартылды: 2021-11-16T06:05:07+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/16/aezirshe-naqty-kelisimge-kelmedik-coj-qazvac-eksporty-twraly/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.