---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/15/samat-erghaliev-qr-msm-sport-zhaene-dene-shynyqtyrw-isteri-komitetining-toeraghasy-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

![Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/photo_89692.jpeg)

**ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікқанұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды****Qazaqpress Primeminister.kz****-ке сілтеме жасап. **

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары – «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры.

2020 жылғы сәуір-қараша аралығында – «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болды.

---

Жарияланды: 2021-11-15T05:33:51+06:00

Жаңартылды: 2021-11-15T05:33:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/15/samat-erghaliev-qr-msm-sport-zhaene-dene-shynyqtyrw-isteri-komitetining-toeraghasy-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.