---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/12/toqaev-tuerkitildes-memleketterding-yntymaqtastyq-kengesining-bas-hatshysy-baghdat-aemireevti-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

![Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/2111112132317600g.jpg)

**Қазақстан Президентінің Ыстанбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден басталды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысына Түркі кеңесінің алдағы саммитіне дайындық барысы, оның ішінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және жоғары деңгейдегі кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Бағдат Әміреев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұйымның қызметі мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бүгін өткен кеңесінің қорытындысы туралы айтты.

Президент саммитке дайындық жұмыстарының барысы көңілден шығатынын атап өтіп, Түркі кеңесін одан әрі дамыту жөнінде маңызды ұсыныстар берді.

---

Жарияланды: 2021-11-12T04:51:26+06:00

Жаңартылды: 2021-11-12T04:51:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/12/toqaev-tuerkitildes-memleketterding-yntymaqtastyq-kengesining-bas-hatshysy-baghdat-aemireevti-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.