Павлодар қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
Павлодар қаласында егде жастағы адамды жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ер адам алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.
«11 қараша күнгі сағат 07:05-те Павлодар қаласы Маяковский көшесіндегі 9-шы үйге қарама қарсы жерде «Nissan» маркалы автокөліктің 56 жастағы жүргізушісі жол жылдамдығын сақтамай, 1961 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды», — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицияда көліктің арнайы айыптұраққа кіргізілгенін қосып өтті. Тексеру амалдары жүргізілуде