---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/10/shyghys-qazaqstan-oblysynda-ayu-atqan-brakoner-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шығыс Қазақстан облысында аю атқан браконьер ұсталды

![Шығыс Қазақстан облысында аю атқан браконьер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/211110141359416e.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысында аю атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Шара барысында заңсыз аю атқан Алтай ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.

> «Ол Тұрғұсын ауылының маңында аюды тұзаққа ұстап алған. Етін өзіне алып, терісін сату үшін дайындауға ниеттенді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабына (Заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын сомасы анықталуда», — деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

---

Жарияланды: 2021-11-10T08:21:53+06:00

Жаңартылды: 2021-11-10T08:21:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/10/shyghys-qazaqstan-oblysynda-ayu-atqan-brakoner-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.