Қазақстанда кейінгі тәулікте 1 128 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 1 128 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1 128 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 951 667-ге жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 125, Алматы қаласында — 134, Шымкент қаласында – 24, Ақмола облысында – 70, Ақтөбе облысында — 22, Алматы облысында — 55, Атырау облысында — 20, Шығыс Қазақстан облысында — 77, Жамбыл облысында — 12, Батыс Қазақстан облысында -27, Қарағанды облысында — 140, Қостанай облысында — 102, Қызылорда облысында — 19, Маңғыстау облысында — 12, Павлодар облысында — 127, Солтүстік Қазақстан облысында — 143, Түркістан облысында — 19.

Қазақстанда 2 356 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Елімізде барлығы 906 190 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.