---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/09/qazaqstanda-rwli-ong-zhaqtaghy-koelikterdi-tirkewge-tyjym-salyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда рулі оң жақтағы көліктерді тіркеуге тыйым салынды

![Қазақстанда рулі оң жақтағы көліктерді тіркеуге тыйым салынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/photo_311415.jpeg)

**Қазақстанда оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын көліктерді тіркеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.

> «Қазақстан аумағында оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын көліктерді тіркеуге 2018 жылдан бастап тыйым салынды. Сондықтан да рулі оң жақтағы көліктер елімізде тіркеуге жатпайды. Әрине, біз азаматтарға жеке мүлік алуына оның ішінде автокөлік алуына да тыйым сала алмаймыз. Әр адамның жеке құқығы бар және ол заңмен бекітілген. Дегенмен заңның басқа тұсы да бар. Осы орайда көлік сатып алушы, әсіресе шетелдік көлікті иеленушінің елге әкелместен бұрын заңға бір үңілгені абзал. Көрші Ресейден көлік әкелсе де оның өзіндік талаптары бар. Яғни көлікті сатып алу бір бөлек, ал оны заңды жолмен иелену ол екінші мәселе, — деді Серік Түсіпов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

---

Жарияланды: 2021-11-09T05:21:22+06:00

Жаңартылды: 2021-11-09T05:21:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/09/qazaqstanda-rwli-ong-zhaqtaghy-koelikterdi-tirkewge-tyjym-salyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.