---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/09/atyrawda-nan-qymbattady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда нан қымбаттады

![Атырауда нан қымбаттады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/211109015414245e.jpg)

**Атырауда нан бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Карат» ЖШС нан бағасын 90 теңгеден 95 теңгеге көтерген.

> «Осы кезге дейін Орал қаласындағы «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ-нан алынған ұнның бір келісі 155 теңге болса, қазір 165 теңге көтерілді. Өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстық әкімдік пен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес, Атырау облысына 10 мың тонна бидай беріліп, әлеуметтік маңызы бар нан бағасы 90 теңгеден, бірінші сұрыпты ұнның келісі 145 теңгеден сатылған болатын. Соңғы кезде электр энергиясының, жанар-жағар май бағасының қымбаттауына байланысты наубайханалар нан бағасын бірте-бірте өсіруге мәжбүр болып отыр», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

---

Жарияланды: 2021-11-09T06:14:28+06:00

Жаңартылды: 2021-11-09T06:14:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/09/atyrawda-nan-qymbattady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.