Қазақстанда бір доллардың бағасы 430 теңге дейін көтерілді

Қазақстанда бір доллардың бағасы 430 теңге дейін көтерілді

Қазақстанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE қор биржасына сілтеме жасап.

5 қарашадағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 429,74 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,69 теңгеден сатылса, сатып алу – 431, 17 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны — 430, 87 теңге.