---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/04/qazaqstanda-eng-las-10-qala-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда ең лас 10 қала анықталды

![Қазақстанда ең лас 10 қала анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/15936770744812943226_1000x669.jpg)

**Соңғы 3 жылда елімізде ауа ластануының 1600-ден аса дерегі тіркелген, деп хабарлайды Qazaqpress 24.kz-ке сілтеме жасап.**

Соның 66 жағдайында қауіпті деңгей тіркеліпті.

Жалпы Қазақстандағы 10 қаланың ауасы ең лас деп танылды. Олардың қатарында Ақтөбе, Атырау, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Өскемен бар.

Ауаның ластануына негізінен ауыр өнеркәсіп орындарының жұмысы себеп. Сондай-ақ көмір жағу, су кәріздерінің ескіруі, тұрмыстық қалдық полигондарының экологиялық-санитарлық талапқа сай болмауы сынды бірқатар факторлар да кері ықпалын тигізеді.

Үкімет отырысында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 17 бағыттағы жол картасы әзірленген. Олар көмір өндірісі, энергетика, көлік логистикасы, өңдеуші өнеркәсіп, ауыл мен орман шаруашылықтары мен қоқысты өңдеу саласындағы өзгерістерді қамтиды.

---

Жарияланды: 2021-11-04T07:11:30+06:00

Жаңартылды: 2021-11-04T18:32:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [лас ауа](https://qazaqpress.kz/tag/las-awa/), [экология](https://qazaqpress.kz/tag/ekologiya/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/), [қалалар](https://qazaqpress.kz/tag/qalalar/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/04/qazaqstanda-eng-las-10-qala-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.