---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/11/02/almatyda-koelik-duekenge-soghyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда көлік дүкенге соғылды

![Алматыда көлік дүкенге соғылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/211101232056693e.jpg)

**Алматы қаласында кешке жеңіл көлік дүкенге соғылды, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігі Ы.Алтынсарин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіне соғылған. Одан кейін көлік тоқтай алмай сол қарқынымен барып дүкеннің іргетасына соғылып, қайтадан жолға шығып қалған. Жол апаты кезінде жүргізушіден басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Келген дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізуші түрлі дәрежедегі дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды», — деп мәлімдеді қалалық полиция департаментінде.

---

Жарияланды: 2021-11-02T05:38:33+06:00

Жаңартылды: 2021-11-02T05:38:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/11/02/almatyda-koelik-duekenge-soghyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.