---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/29/aq-hakerler-egov-kz-sajtynyng-50-ge-zhwyq-osaldyghyn-anyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақ хакерлер eGov.kz сайтының 50-ге жуық осалдығын анықтады

![Ақ хакерлер eGov.kz сайтының 50-ге жуық осалдығын анықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/image48525997_e74b1172d9f54e60c460b7a1666c4fd5.jpg)

**Күн сайын хакерлер ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік органдарға мыңдаған шабуылдар жасайды, деп хабарлайды Qazaqpress Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.**

> «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамының ақ хакерлері электронды үкімет платформасында 50-ге жуық осалдығын анықтады, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бұл жайлы 10-нан астам елде ұлттық Bug Bounty платформасын сынақтан өткізгеннен кейін белгілі болды.

«ҰАТ» АҚ электрондық үкімет жүйесі мен ресурстарын кибершабуылдарға қарсы қорғанысының деңгейін көтеру үшін, Bug Bounty қызметтері мен қосымшаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық бағдарламасына қосылды.

«ҰАТ» АҚ басқарма басшысы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, күн сайын ақпараттық жүйелерге, мемлекеттік органдарға мыңдаған хакерлік шабуылдар жасалады.

> «Біз үшін электрондық үкімет деректерін және оның құрамдас бөліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Bug Bounty-мен ынтымақтастықтың арқасында біз жүйелеріміздің қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып қана қоймай, өз ресурстарымызды да үнемдейміз», – деді Коняшкин.

2020 жылдың желтоқсанында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұлттық Bug Bounty бағдарламасын таныстырды.

«ҰАТ» АҚ мемлекеттік сектордың ішінен ұлттық Bug Bounty бағдарламасына бірінші болып қосылды.

Bug Bounty – бағдарламалық жасақтаманың осалдылығын сыйақы үшін тексеруге сапалы киберқауіпсіздік сарапшыларын тартатын бағдарлама. Бұл бағдарламаны Google, Facebook және Mozilla сияқты әлемдік компаниялар пайдаланады. Бұл олардың жүйелерін қауіпсіздеу қылдыруға көмектесті, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік бойынша қосымша мамандарды жалдаудың шығынын үнемдеді. Ұлттық Bug Bounty платформасының операторы – TSARKA (Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы).

---

Жарияланды: 2021-10-29T06:02:22+06:00

Жаңартылды: 2021-10-29T10:01:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Bug Bounty](https://qazaqpress.kz/tag/bug-bounty/), [Киберқауіпсіздік](https://qazaqpress.kz/tag/kiberqawipsizdik/), [хакер](https://qazaqpress.kz/tag/haker/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/29/aq-hakerler-egov-kz-sajtynyng-50-ge-zhwyq-osaldyghyn-anyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.