---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/28/google-qoldanwshynyng-oetinishi-bojynsha-izdew-naetizhelerinen-balalardyng-swretin-oeshiredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Google қолданушының өтініші бойынша іздеу нәтижелерінен балалардың суретін өшіруге рұқсат берді

![Google қолданушының өтініші бойынша іздеу нәтижелерінен балалардың суретін өшіруге рұқсат берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/regnum_picture_1476085090381489_normal.jpg)

**Бірақ компания суреттерді толық жою мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Informburo.kz-ке сілтеме жасап.**

Google іздеу жүйесі бұдан былай қолданушының өтініші бойынша желіден балалардың суретін өшіріп отырады. Осылайша корпорация кәмелетке толмаған жастарды қауіптен сақтандырмақ. Бұл туралы IT компания өзінің блогында жазды.

> «Жаңа саясатымызға сәйкес, 18 жасқа толмаған кез келген адам, сондай-ақ, олардың ата-анасы немесе қамқоршылары бірнеше қарапайым қадамды орындау арқылы іздеу нәтижелерінен суреттерді жоюды талап ете алады», — деді Google мән-жайды түсіндіре отырып.

Алайда, компания суреттерді іздеу жүйесінен алып тастағанмен, оларды ғаламтордан толық жойып жіберу мүмкін еместігін тағы ескертті.

---

Жарияланды: 2021-10-28T07:33:57+06:00

Жаңартылды: 2021-10-28T11:32:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Google](https://qazaqpress.kz/tag/google/), [кәмелетке толмаған жастар](https://qazaqpress.kz/tag/kaemeletke-tolmaghan-zhastar/), [сурет](https://qazaqpress.kz/tag/swret/), [ғаламтор](https://qazaqpress.kz/tag/ghalamtor/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/28/google-qoldanwshynyng-oetinishi-bojynsha-izdew-naetizhelerinen-balalardyng-swretin-oeshiredi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.