---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/27/nur-sultan-turghynynyng-uestine-sergek-ornatylghan-baghan-qulap-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтан тұрғынының үстіне «Сергек» орнатылған баған құлап кетті

![Нұр-Сұлтан тұрғынының үстіне «Сергек» орнатылған баған құлап кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/211027104647585a3854125i.jpg)

**Нұр-Сұлтан тұрғынының үстіне «Сергек» орнатылған баған құлап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл оқиға туралы қала тұрғыны Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жазды.

> «Сығанақ көшесі, 11 мекенжайында, «Sunrise» тұрғын үй кешеніне тақау маңда сағат 13:20-да бағдаршамды күтіп тұрғанымда «Сергек» бағаны құлады. Абырой болғанда бір қадам артқа шегініп үлгердім. Әйтпесе басыма құлар еді. Кімге шағымдануға болады? Өлімге бір қадам ғана қалдым», — деп жазды елордалық әйел.

Бұл шағымға қалалық полиция департаменті жауап берді.

> «Осы жылдың 23 қазанында Сығанақ көшесі бойында «Sunrise» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде жолдан өтпек болған 45 жастағы әйел «Сергек» камералары ілінген металл бағанның құлауы салдарынан аяғын жарақаттап алды. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады, тексеру жүріп жатыр»,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

---

Жарияланды: 2021-10-27T05:50:34+06:00

Жаңартылды: 2021-10-27T05:50:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/27/nur-sultan-turghynynyng-uestine-sergek-ornatylghan-baghan-qulap-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.