---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/26/mamin-memlekettik-shekarada-epidemiologiyalyq-baqylawdy-kueshejtwdi-tapsyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

![Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/211026093620330a3853589i.jpg)

**ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет»,- деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажеттігін баса айтты.

> «Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін», — деді Премьер-Министр.

---

Жарияланды: 2021-10-26T06:01:00+06:00

Жаңартылды: 2021-10-26T06:01:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/26/mamin-memlekettik-shekarada-epidemiologiyalyq-baqylawdy-kueshejtwdi-tapsyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.