---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/25/almaty-qalasynda-avtobws-koeshe-shamynyng-baghanasyna-soghyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы қаласында автобус көше шамының бағанасына соғылды

![Алматы қаласында автобус көше шамының бағанасына соғылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/211025103813004a3853066i.jpg)

**Алматы қаласында автобус жүргізушісі бағанаға соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған.

> «Jaz le» маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылды.
> 
> 
> 
> 
> Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісінде», — деді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

---

Жарияланды: 2021-10-25T08:34:21+06:00

Жаңартылды: 2021-10-25T08:34:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/25/almaty-qalasynda-avtobws-koeshe-shamynyng-baghanasyna-soghyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.