Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер лауазымынан бастаған. Жеке компанияларда жоба жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.