---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/19/aleksej-coj-qazaqstanda-karantin-zhengildejtinin-maelimdedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді

![Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/2df118e486f417404f4d7167ec76d1ae_xl.jpg)

**Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Үкімет отырысы кезінде министр эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты, сондай-ақ вакцинация деңгейі 70 пайызға жеткендіктен, ВАК шешімі бойынша 20 қазаннан бастап келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін хабарлады:

- келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі;
- түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ:  

«жасыл» аймақта 100 адамнан артық емес;  

«сары» аймақта 70 адамнан артық емес;  

«қызыл» аймақта 50 адамнан артық емес.
- Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:  

«жасыл» аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 05:00-ге дейін;  

«сары» аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 03:00-ге дейін.

---

Жарияланды: 2021-10-19T07:14:46+06:00

Жаңартылды: 2021-10-19T07:14:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/19/aleksej-coj-qazaqstanda-karantin-zhengildejtinin-maelimdedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.