---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/15/talghat-momyshev-ekologiya-vice-ministri-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талғат Момышев экология вице-министрі болып тағайындалды

![Талғат Момышев экология вице-министрі болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/photo_88249.jpeg)

**Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ****Qazaqpress primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. **

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 1994-1996 жылдары қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.

1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.  Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

1998-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.

1999-2000 жылдары Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.   2000 жылдары «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жылдары «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жылдары Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.

---

Жарияланды: 2021-10-15T06:35:26+06:00

Жаңартылды: 2021-10-15T06:35:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/15/talghat-momyshev-ekologiya-vice-ministri-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.