---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/15/atyrawda-19-zhastaghy-zhigit-zhol-apatynan-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

![Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/211015022508533e.jpg)

**Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы кеше, 14 қазанда сағат 23:15-те болған.

> «Атырау қаласында Әбілхайыр хан-Маденов көшелерінің қиылысында Kia Rio мен Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылы туған жігіт қаза тапты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

---

Жарияланды: 2021-10-15T08:44:55+06:00

Жаңартылды: 2021-10-15T08:44:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/15/atyrawda-19-zhastaghy-zhigit-zhol-apatynan-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.