Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы кеше, 14 қазанда сағат 23:15-те болған.

«Атырау қаласында Әбілхайыр хан-Маденов көшелерінің қиылысында Kia Rio мен Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылы туған жігіт қаза тапты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.