---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/14/oraldyng-qurylys-boelimi-basshysy-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралдың құрылыс бөлімі басшысы ұсталды

![Оралдың құрылыс бөлімі басшысы ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/546492.jpg)

**Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысына қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

> «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысы 2020 жылы қазаннан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін «Н»-ның сыбайластығы арқылы ЖШС директоры «Ш»-дан пандемия кезеңінде арнайы тәртіп қолданып, мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткен және Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 миллиард теңгенің екі 9 қабатты тұрғын үй құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бұрын келісілген аса ірі мөлшерде 170,0 миллион теңгеден 134,0 миллион пара алған.
> 
> 
> 
> 
> «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысы және азамат «Н» ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Орал қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2021-10-14T07:15:50+06:00

Жаңартылды: 2021-10-14T07:15:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/14/oraldyng-qurylys-boelimi-basshysy-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.