---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/13/almatyda-koelik-qaqqan-zhigit-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда көлік қаққан жігіт көз жұмды

![Алматыда көлік қаққан жігіт көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/1ae367f2-df51-4ddc-a088-adcffb735e8a-1024x576-1.jpeg)

**Алматы қаласында көлік қаққан жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жол апаты 12 қазанда кешкі сағат 21:40-та әл-Фараби даңғылында болды.

> «Peugeut 308» көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кетіп бара жатып, Мендіқұлов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші қағып кетті. Белгілі болғанындай, ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болған. Жол апаты салдарынан 1995 жылы туған ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды», — деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

---

Жарияланды: 2021-10-13T07:17:02+06:00

Жаңартылды: 2021-10-13T07:17:02+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/13/almatyda-koelik-qaqqan-zhigit-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.