---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/asqar-mamin-ekonomikada-senimdi-oesw-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Асқар Мамин: Экономикада сенімді өсу бар

![Асқар Мамин: Экономикада сенімді өсу бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/210721121540422a3814470i.jpg)

**Үкімет басшысы Асқар Мамин ұлттық экономиканың өсу серпінін «сенімді» деп бағалады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты.

> «Ұлттық экономикада сенімді өсу серпіні байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4 пайызға дейін қарқын алды. Экономика дамуының негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды.
> 
> 
> 
> 
> Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,7 пайызға өсті. Соның ішінде, машина жасауда 22,8, автомобиль құрылысында 31,6 пайыз, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 50,5, құрылыс материалдарында 10,1, фармацевтикада 38,1, пластмасса бұйымдары өндірісінде 31,4, киім өндірісінде 14, жиһазда 14,9, дайын метал бұйымдарын шығаруда 17,2 пайыз өсім байқалады», — деген Премьер-Министр, қызмет көрсету секторы да карантиндік шектеулердің азаюйына байланысты сенімді түрде қалпына келіп жатқанын еске салды.
> 
> 
> 
> 
> «Қазір қызмет көрсету секторы сауда мен байланыстағы жоғары өсу қарқыны есебінен 2,9 пайызды құрады», — деді Үкімет басшысы.

 

---

Жарияланды: 2021-10-12T07:08:47+06:00

Жаңартылды: 2021-10-12T07:08:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/asqar-mamin-ekonomikada-senimdi-oesw-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.