---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/aqmola-oblysynda-zhanyp-zhatqan-paeterden-zejnetker-qutqaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысында жанып жатқан пәтерден зейнеткер құтқарылды

![Ақмола облысында жанып жатқан пәтерден зейнеткер құтқарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/211011183022317e.jpg)

**Ақмола облысының Шортанды ауданында жанып жатқан пәтерден 60 жастағы зейнеткер құтқарылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өрт биылғы жылғы қазанның 11-де түнгі уақыт 01:16 шамасында Шортанды ауданының Научный кентіндегі Бараев көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты, 8 пәтерлі тұрғын үйден шыққан.

> «Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шықты. Қызыл жалын 30 шаршы метрді аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер жедел сатының көмегімен терезе арқылы пәтердің ішіне еніп, үй иесі 1961 жылғы әйелді құтқарды. Зейнеткер Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Сонымен бірге, бір адам эвакуацияланды», — деді ведомстводан.

Айта кетсек, өрт 01:45 ауыздықталып, 02:00 сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

---

Жарияланды: 2021-10-12T06:26:07+06:00

Жаңартылды: 2021-10-12T06:26:07+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/aqmola-oblysynda-zhanyp-zhatqan-paeterden-zejnetker-qutqaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.