---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/almatydaghy-atys-qaza-tapqan-policejlerding-otbasyna-paeter-berild/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы атыс: қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер берілді

![Алматыдағы атыс: қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/a0b665ebc9ec71f208cf605e91d4c93a.jpeg)

**Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ақбұлақ ықшам ауданындағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесіп, оларға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Кездесу барысында қала әкімі тағы да көңіл айтып, отбасына пәтер кілттерін табыстады. Алматы әкімдігі қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына қолдау көрсетуден аянбайды, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте кешке 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты.

---

Жарияланды: 2021-10-12T08:04:33+06:00

Жаңартылды: 2021-10-12T08:05:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/almatydaghy-atys-qaza-tapqan-policejlerding-otbasyna-paeter-berild/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.