---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/almaty-qalalyq-onkologiyalyq-ortalyqta-ashyq-esikter-kueni-oetkiziledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы қалалық онкологиялық орталықта ашық есіктер күні өткізіледі

![Алматы қалалық онкологиялық орталықта ашық есіктер күні өткізіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/photo_2021-10-12_14-45-28.jpg)

**2021 жылғы 23 қазанда Алматы қалалық онкологиялық орталығында сүт безінің қатерлі ісігін алдын ала анықтау және оның алдын алуға арналған Ашық есіктер күні өткізіледі.**

Қабылдау уақыты Папанин көшесі, 220, Литер А мекенжайында жетекші маммолог-онколог мамандардың қатысуымен сағ 09.00-13.00 аралығында жүргізіледі.

Барлық сауалдарыңыз бойынша 8(727)-312-24-74 телефоны арқылы хабарлассаңыздар болады.

Бүгінгі күні сүт безінің қатерлі ісігі Қазақстандағы онкологиялық аурулардың көптеп кездесетін түрі болып табылады.

Осыған қарамастан, аталмыш ауру әйел қауымға тән аурудың бірі.

Айта кететін жай, сүт безінің қатерлі ісігі Алматы қаласында статистика бойынша бірінші орында тұр, ал, өлімге әкелу салдары бойынша екінші орында.

Алматы қаласында 9 айдың ішінде 514 әйелде сүт безінің ісігі белгіленген. Сол себепті, сүт безінің қатерлі ісігін уақытында анықтау үшін мамандар тағы да маммография скринингінен өту туралы кеңес беруде.

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі бойынша ертедегі «скринингтен» өту ммүкіншілігі екі жылда бір рет 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге қарастырылған.

Дәрігерлердің айтуынша, алдын ала диагностикаланған ісікті толығымен емдеуге болады. Ал, аурудың белгісі анықталған кеш сатыдағы аурудың таралуы да мүмкін және де оны емдеу қиынға түспек.

---

Жарияланды: 2021-10-12T08:46:50+06:00

Жаңартылды: 2021-10-12T08:46:50+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/12/almaty-qalalyq-onkologiyalyq-ortalyqta-ashyq-esikter-kueni-oetkiziledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.