Қазақстанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

Қазақстанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

20 қазанда Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Qazaqpress Қазақтелерадиоға сілтеме жасап.

«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2021 жылдың 20 қазан айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», — делінген таратылған хабарламада.