---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/11/erke-esmahan-uzatwy-zhajly-ajtty-kimge-syngsw-ajtqyzamyn/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ерке Есмахан ұзатуы жайлы айтты: «Кімге сыңсу айтқызамын»

![Ерке Есмахан ұзатуы жайлы айтты: «Кімге сыңсу айтқызамын»](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/f231c587a972a906.webp)

**Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ұзатуы жайлы сөз қозғап, сыңсуды кімге айтқызатынын білмей әлек болды және әлеуметтік желіде түрлі пікірталас тудырды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Ерке Есмахан жанкүйерлерінің көмегіне жүгініп, Instagram парақшасында оларға сауал қойды. Эстрада жұлдызы өз ұзатуында кімге сыңсу айтқызу керектігін сұрады.

> «Ұзатылып жатсам, кімге «сыңсу» айтқызсам екен, деп ойлап отырмын! Ал, жазыңыздар», – деп сұрады әртіс.

Бірінші, Еркені ұзатуға өнердегі әріптесі Серік Ибрагимов ниет білдіріп, сылқымды жоғары деңгейде ұзатып беретінін айтты.

> «Маған айтқыз досым. Зор қылып айтып беремін. Шын сөзім», – деді әнші.

Өзге желі қолданушылары да Еркенің жазбасын қызу талқыға салды. Олардың басым бөлігі өнер иесінің жақын арада шынымен ұзатылғалы жатқанын болжады.

Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызының сұрағына жауап беріп, жанкүйерлер өз нұсқаларын ұсынған еді. Оқырмандар Жазира Байырбекова, Қарақат Әбілдина секілді әншілерді таңдады. Ал кейбірі, Төреғали мен 91 тобын ұсынды.

---

Жарияланды: 2021-10-11T08:17:35+06:00

Жаңартылды: 2021-10-11T08:29:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: [Instagram](https://qazaqpress.kz/tag/instagram/), [Ерке Есмахан](https://qazaqpress.kz/tag/erke-esmahan/), [сауал](https://qazaqpress.kz/tag/sawal/), [ұзату](https://qazaqpress.kz/tag/uzatw/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/11/erke-esmahan-uzatwy-zhajly-ajtty-kimge-syngsw-ajtqyzamyn/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.