---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/11/aleksej-coj-vakcinadan-bas-tartw-maeselesi-aeli-de-oezekti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алексей Цой: Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті

![Алексей Цой: Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_83539.jpeg)

**Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарту жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцина салдырудан 24 976 адам бас тартты, олардың 58 пайызы — жеке сенімдері бойынша, 23,2 пайызы — діни сенімдері бойынша, 12,8 пайызы — вакциналарға сенімсіздік салдарынан болса 6 пайызы БАҚ-тағы теріс ақпаратқа сенгендер, — деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ол 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында вакцинадан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелгенін айтты.

> — Біз вакцинаға қарсы адамдарға тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, осындай жұмыстардың нәтижесінде өз пікірін өзгерткен 197 вакцина салдырды, — деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

---

Жарияланды: 2021-10-11T06:33:55+06:00

Жаңартылды: 2021-10-11T06:33:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/11/aleksej-coj-vakcinadan-bas-tartw-maeselesi-aeli-de-oezekti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.