---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/08/almatyda-zholdan-oetip-bara-zhatqan-aejeldi-koelik-qaghyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

![Алматыда жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/60bcbc2fab33e578803641.jpg)

**Алтын Орда базары маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Айта кетсек, бұл жағдай 7 қазан күні, сағат 18.50 кезінде болған.

«Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің Ш. есімді жүргізушісі Ташкент жолының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Нұрлы көшесімен қиылыста А. есімді кісіні қағып кеткен.

Ол жүріс бөлігін оңтүстік бағытта, белгіленбеген жермен өтіп бара жатқан.

> «Жол көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан 1944 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

---

Жарияланды: 2021-10-08T07:17:10+06:00

Жаңартылды: 2021-10-08T07:17:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/08/almatyda-zholdan-oetip-bara-zhatqan-aejeldi-koelik-qaghyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.