---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/07/aqsajda-er-adam-bwkmekerlik-kengseni-oertemek-bolghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақсайда ер адам букмекерлік кеңсені өртемек болған

![Ақсайда ер адам букмекерлік кеңсені өртемек болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/ac5c2d.jpg)

**Ақсай қаласында букмекерлерік кеңсені өртеп жібергісі келген ер адамды полицейлер  тоқтатып үлгерген, деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Айта кетсек, оқиға Ақсай қаласындағы Железнодорожная көшесінде болған. Букмекерлік кеңсеге келуші ашуланып, қызметші қыздан ақша талап ете бастаған. Ақша ала алмаған ол тез жанатын сұйық төгіп, ғимаратты өртеуге оқталған. Сол жерде тәртіп сақшылары оны ұстай алған.

> «Оқиға маңында қызметін өтеп жүрген полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының («Бұзақылық») 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

---

Жарияланды: 2021-10-07T07:02:33+06:00

Жаңартылды: 2021-10-07T07:02:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/07/aqsajda-er-adam-bwkmekerlik-kengseni-oertemek-bolghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.