қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Халықаралық байқау арқылы көптеген талантты жастар танымал болып, адамзаттың халықаралық мәдени қоры байыды

- by -
Қазан 7, 2021
Халықаралық байқау арқылы көптеген талантты жастар танымал болып, адамзаттың халықаралық мәдени қоры байыды

Нұр-Сұлтан қаласында Бибігүл Төлегенованың ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды.

Байланысты

DOTA 2 Major: қай команда жеңіске жетеді?

Сағынтаев тағы бір қызметке ие болды

Xiaomi Қазақстанда жаңа смартфонын таныстырмақ

Халықаралық байқауға 11 елден өтінім түскенімен, әлемдік пандемияға байланысты шетелдік қатысушылардың саны шектелді. Дегенмен байқауға 4 елдің өкілдері қатысатын болды. Шараға қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен, алыс және жақын шетелден опера өнерінің жас вокалистері Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы Бибігүл Төлегенованың ХI халықаралық вокалистер байқауына арналған баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Әділқазы мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры Т.Д. Новиченко: «Әлемдік пандемияға қарамастан ұйымдастырушылар байқауды ұйымдастырғанына барлық қатысушылар өте қуанышты. Өйткені көптеген іс-шаралар тоқтатылып, қатысушылар, жанкүйерлері, көрермендер офлайн шараларды, әдемі опера өнерін сағынды», – деп атап өтті.

Чехиядан келген мейман, әділқазы мүшесі, Прага операсының солисі, Коми Республикасының халық әртісі Дамир Басыров: «Мұндай байқаулар жаңа ұрпаққа мәдени-адамгершілік тәрбие беру үшін аса қажет. Біз жаңа дарын иелерін анықтап, таныту үшін келдік» – деп, Бибігүл Төлегеноваға байқауды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Сондай дарын иесі Бибігүл Төлегенованың V Халықаралық вокалистер байқауының жүлдегері Рамиз Усманов биылғы байқауға әділқазы мүшесі ретінде қатысып отыр. Ол классикалық өнер майталмандарымен қатар әділқазы мүшесі етіп сайланғаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Бүгінде Рамиз Усманов Ә. Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың солисі, Өзбекстан халық әртісі.

Халықаралық байқаудың ашылу салтанатына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова байқауға қатысушыларды және ұйымдастырушыларды құттықтап, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берді. Президент өзінің құттықтау хатында қатысушылар мен ұйымдастырушыларды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығында өткізіліп отырған байқаудың ашылу салтанатымен құттықтап, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегеноваға осыншама жауапты миссиясы үшін алғыс айтты. «Есімі әлемге әйгілі Бибігүл Төлегенова классикалық вокалдың дамуына зор үлес қосып, еліміздің атын әлемге паш етті. Бибігүл Ахметқызының арқасында байқау жүйелі түрде өтіп, көптеген дарын иелерін танытты. Байқау лауреаттарының есімдері әлемге танылып, олар әлем сахналарында ән айтып жүр. Халықаралық байқау арқылы көптеген талантты жастар танымал болып, адамзаттың халықаралық мәдени қоры байыды»,-деп атап өтті Президент.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.Р. Оралов байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, қала әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау хатын жеткізді. Қала әкімі құттықтау хаты арқылы Бибігүл Төлегеноваға болашақта еліміздің атын шығаратын жас вокалистерге адамгершілік тәрбие беретін байқауды ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Байқауға 19-32 жас аралығындағы вокалистер қатысады. Тыңдаулар ашық түрде өтеді. Ән айту тәртібі жеребе тастау арқылы анықталып, байқау соңына дейін сақталады. Соңғы турға жіберілетін қатысушылар саны 14-тен аспайды. 5-8 қазан аралығында іріктеу туры, 10 қазан күні соңғы тур өтеді. Байқау жеңімпаздарын марапаттау гала-концерті қазанның 11-і күні «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтеді.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру. Вокалистерің халықаралық байқауы жастардың назарын таза классикалық және халық музыкасына тартуды көздейді. Байқау дарынды жас орындаушыларды табуға көмектесіп, қазақ классикалық өнерінің беделін көтеруге және жастардың рухани дамуына септігін тигізеді. Қазақ музыкасының үздік үлгілерін орындау мәдениеттердің өзара араласуына, қазақ халқының жан дүниесінің шынайы сұлулығын ашуға және Қазақстан композиторларының туындыларын насихаттауға жол ашады.

Байқауға қатысушылардың өнеріне беделді және кәсіби әділ қазылар баға береді.

ХІ халықаралық вокалистер байқауының қазылар алқасының төрағасы – КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова.

Қазылар алқасының құрамына опера өнерінің шеберлері кірді:

  1. Урманчеев Тимур Акрямұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық өнер университетінің профессоры, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі, «Астана Опера» халықаралық опера академиясының көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстан, Нұр-Сұлтан
  2. Новиченко Тамара Дмитриевна – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры, Ресей.
  3. Гусев Александр – Форо Бонапарт атындағы музыка академиясының профессоры, Г.Доницетти атындағы академияның камералық ән айту секциясының меңгерушісі. Италия, Милан.
  4. Усманов Рамиз – Ә.Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың солисі, Өзбекстан Республикасының халық әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты. Өзбекстан, Ташкент.
  5. Басыров Дамир – Прага операсының солисі, Коми Республикасының халық әртісі, Чехия.
  6. Милькявичюте Ирена – Литва КСР халық әртісі, мәдениет және өнер саласындағы Литва ұлттық сыйлығының лауреаты, Литва музыка және театр академиясының профессоры. Литва, Вильнюс.

Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауы көрермендер мен тыңдармандарды опера өнерінің озық әндерімен қуантатын жаңа дарын иелерінің есімдерін паш етуге бағытталған.  Халықаралық байқау жас орындаушыларға өз қабілетін байқап көруге, халықаралық тәжірибе жинауға, өзін көрсетіп, елінің атын шығаруға мүмкіндік береді. Бәлкім, дәл осы байқауда жаңа жұлдыздар жарқырап, қазақ опера өнерінің жаңа «бұлбұлдары» танымал болар.

Байқаудың бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk- Kazyna Trust» корпоративтік қоры.

Байқауды ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдени қоры» қоғамдық қоры.

Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан республикасы, Алматы, Бузурбаев көшесі,  19-үй, 2-кеңсе, тел.: 8 727 3822555,

Ұялы тел. +7 701 711 8280; +7 777 303 0703; +7 777 381 1881.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады

Келесі жаңалық

Any kind of Legitimate Online dating services Out There?

-

-

Байланысты жаңалықтар

DOTA 2 Major: қай команда жеңіске жетеді?
Категориясыз

DOTA 2 Major: қай команда жеңіске жетеді?

Тамыз 13, 2022
Сағынтаев тағы бір қызметке ие болды
Категориясыз

Сағынтаев тағы бір қызметке ие болды

Тамыз 12, 2022
Xiaomi Қазақстанда жаңа смартфонын таныстырмақ
Категориясыз

Xiaomi Қазақстанда жаңа смартфонын таныстырмақ

Тамыз 11, 2022
10 тамызға қарай теңге бағамының болжамы
Категориясыз

10 тамызға қарай теңге бағамының болжамы

Тамыз 10, 2022
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Категориясыз

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты

Тамыз 10, 2022
CT-KZ сертификатын беру ережелері өзгертілді
Категориясыз

CT-KZ сертификатын беру ережелері өзгертілді

Тамыз 9, 2022
Келесі жаңалық

Any kind of Legitimate Online dating services Out There?

Өткен тәулікте коронавируспен 2283 науқас тіркелді

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Қаңтар 15, 2021
Мәжіліс спикері Цойдан емханаларға барып халықпен байланыс орнатуын сұрады

Алексей Цой ел тұрғындарына үндеу жасады

Тамыз 18, 2021
«Еуразия» бірінші арнасының соңғы жаңалықтары

Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың есебін тыңдады

Шілде 24, 2021

Топ жаңалықтар

  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қисық жол қисық мемлекеттің белгісі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Демалыс күндерінің басты матчы: Англияның Суперкубогын кім алады?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Ағылшын Премьер-Лигасы. Ең мықтылардың күресі
  • DOTA 2 Major: қай команда жеңіске жетеді?
  • Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.