---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/06/dinara-qyryqbaeva-burynghy-kuejewimen-araqatynasy-twraly-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен арақатынасы туралы айтты

![Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен арақатынасы туралы айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/5291d4ca1fa23628.webp)

**Некесі сәтсіз аяқталған әнші Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен мүлдем араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Динара Қырықбаева Paparazzi бағдарламасында бұрынғы күйеуімен арақатынасы жайлы әңгімелеп берді. Ол балаларының әкесіне тек бақыт тілейтінін айтты.

> «Иә, ажырасқаныма 2 жыл болды. Шүкір, 3 балам бар. Жолдасыммен араласпаймыз, көріспейміз. Бірақ ол менің балаларымның әкесі, әрдайым солай болып қалады. Тек қана бақыт тілеймін. Өмірінде бәрі жақсы болсын», – деді өнер иесі.

Оған қоса, эстрада жұлдызы екінші рет тұрмысқа шығуына қатысты пікірін айтты.

> «Күйеуге шығып қалсам, жарияламаймын, ешкімге айтпаймын. Бірақ кім біледі?! Мүмкін махаббатымды кездестіріп қалармын? Өмір ғой» – деді Динара.

---

Жарияланды: 2021-10-06T08:14:14+06:00

Жаңартылды: 2021-10-06T08:17:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: [Paparazzi](https://qazaqpress.kz/tag/paparazzi/), [ажырасу](https://qazaqpress.kz/tag/azhyrasw/), [Динара Қырықбаева](https://qazaqpress.kz/tag/dinara-qyryqbaeva/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/06/dinara-qyryqbaeva-burynghy-kuejewimen-araqatynasy-twraly-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.