---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/06/atyraw-oblysynda-shoep-oertenip-uesh-bala-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды

![Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/211006104209943e.jpg)

**Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19:45-те жетіп, өрт 23:07 минутта толығымен сөндірілген.

Алайда, 6 қазан күні 00:02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған үш бала белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген.

> — Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 дана техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Құрметті қазақстандықтар! ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді, — дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.

---

Жарияланды: 2021-10-06T06:56:27+06:00

Жаңартылды: 2021-10-06T06:56:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/06/atyraw-oblysynda-shoep-oertenip-uesh-bala-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.